«Charity Music Run 2023» қайырымдылық музыкалық

жүгіру шарасын өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

1. МАҚСАТЫ

1.1. «Charity Music Run 2023» келесідей мақсатта өткізіледі:
а) спорттың бұқаралық түрлерін дамыту және соған үгіттеу
б) салауатты өмір салтына үгіттеу
в) қатысушылардың спорттық шеберліктерін арттыру
г) салауатты ұлт қалыптастыру
д) қайырымдылық және онкологиялық аурулардың мәселесіне назар аударту
е) республикалық деңгейдегі қайырымдылық жобаларға қолдау көрсету

2. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР


2.1. «Charity Music Run 2023» шарасын (бұдан былай Жүгіру) жалпы «Нұрбанк» АҚ басқарады.
2.2. Жарысқа дайындық және өткізу, соның ішінде әділ-қазылық, хронометраж және нәтижелерді анықтау жұмыстары «Экстремальная Атлетика» ҚБ-ға жүктеледі.

3. ӨТКІЗІЛЕТІН УАҚЫТЫ МЕН ОРНЫ


3.1. Жүгіру өткізілетін күн, орын мен уақыты – 2023 жылдың 10-қыркүйегі (жексенбі) «Almaty Arena» көпсалалы кешенінің аумағында, сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін.
3.2. Жарысқа шығатын орын – «Almaty Arena» кешенінің артындағы тұрақтың аумағы. Сөре орналасқан орыні

4. ЖАРЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


4.1. Жарысқа қатысушыларға арналған жиынтықтар 8 және 9 қыркүйек күндері (жұма және сенбі) сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін, Алматы қ., Назарбаев даңғылы 223, «Алматы» ССО мекенжайында беріледі.
Орналасқан орны.
Жарысқа қатысушыларға арналған жиынтықтар басқа күндері берілмейді!

4.2. Жарысқа қатысушыларға арналған жиынтықтарды алуға қажетті құжаттар:
а) 18+ жастағы қатысушылар үшін:
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
- өз денсаулығы үшін жауапкершілік туралы қолхат
б) кәмелет жасына толмағандар үшін:
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (туу туралы куәліктің көшірмесі)
- ата-аналарының екеуінің де жарысқа қатысуға рұқсат беретіні туралы қолхаттары (кәмелеттік жасқа толмаған қатысушылардың ата-аналары толтырады)
- қолхатқа өз қолдарын қойған екі ата-ананың жеке бастарын куәландыратын құжаттарының көшірмелері
в) келесі құжаттарды ұсынған жағдайда жарысқа қатысушының орнына жарысқа қатысушыларға арналған жиынтықтарды басқа адам ала алады:
- қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (туу туралы куәліктің көшірмесі)
- алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
- қатысушының өз қолы қойылған денсаулық үшін жауапкершілік туралы қолхат
г) студенттер үшін:
- а), б), в) тармақшаларында көрсетілген қажетті құжаттарға қоса студенттік билеттің электрондық түрі немесе түпнұсқасы.

4.3. Денсаулық туралы қолхатты келесі сілтемеден алуға болады:
Жарыстың ересек қатысушыларына арналған қолхат (pdf форматында ашылады)
Жарысқа қатысушы-балалардың ата-аналарына арналған қолхат (pdf форматында ашылады)

Жүгіру жоспары, 2023 жылдың 10-қыркүйегі (жексенбі):

08:00 қатысушыларды жинау
8:00-9:00 басқа қаладан келген қатысушыларға арналған жиынтықтарды тарату
08:30 брифинг және дене қыздыру
09:00 21 км жарыстың басталуы. Бақылау уақыты – 3 сағат
09:05 10 км қашықтыққа жүгіру мен скандинавиялық жүрудің басталуы. Бақылау уақыты – 2,5 сағат
09:10 5 км қашықтыққа жүгіру мен 5 км скандинавиялық жүрудің басталуы. Бақылау уақыты – 1,5 сағат
10:30 5 км қашықтыққа жүгіргендердің жеңімпаздарын марапаттау
11:00 10 км қашықтыққа жүгіргендердің жеңімпаздарын марапаттау
11:30 21 км қашықтыққа жүгіргендердің жеңімпаздарын марапаттау
13:00 2 км қашықтыққа жүгіру (балаларға арасында). Бақылау уақыты – 1,5 минут
13:30 2 км қашықтыққа жүгіргендердің жеңімпаздарын марапаттау
14:00 мәре аумағының жабылуы

5. ҚАШЫҚТЫҚТАР, ЖАС ШАМАСЫНА БОЙЫНША КАТЕГОРИЯЛАР, БАҚЫЛАУ УАҚЫТЫ


5.1. Жарыс бағдарламасына төмендегілер енгізілді:
- 7 жастан 14 жасқа дейінгі қатысушылар үшін – 2 км
- 15 жастан жоғары қатысушылар үшін – 5 және 10 км
- 15 жастан жоғары қатысушылар үшін скандинавиялық жүріс - 5 және 10 км (скандинавиялық таяқтың болуы міндетті)
- 18 жастан жоғары қатысушылар үшін – 21 км.

5.2. Жас шамасы бойынша категориялар:
2 км:
7-9 жас
10-12 жас
13-14 жас
10 және 5 км:
15-34 жас
35-49 жас
50 жас +
21 км:
18-34 жас
35-49 жас
50 жас +

5.3. Қашықтықты жүгіріп өткен уақытты бақылау:
2 км – 20 минут
5 км және скандинавиялық жүру 5 км – 1,5 сағат
10 км және скандинавиялық жүру 10 км – 2,5 сағат
21 км – 3 сағат

5.4. Әр 5 км сайын тамақтану орындары орналасқан. Сақтау камералары сөре аумағында орналасады.

6. ТІРКЕУ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУ ЖАРНАСЫ, ҚАТЫСУШЫЛАР САНЫНА ЛИМИТ


6.1. Жарысқа қатысуға берілген өтініштерді тіркеу www.nurbankmusicrun.kz сайтында 2023 жылдың 5 қыркүйегі сағат 18:00-ге дейін немесе қатысушылар санының лимитіне жеткенге дейін жалғасады.

Қатысушылар санының лимиті:
Барлық қашықтықты жинақтап алғанда 2 000 адам:
- 2 км - 200 слот
- 5 км – 400 слот
- 5 км скандинавиялық жүру - 150 слот
- 10 км – 800 слот
- 10 км скандинавиялық жүру - 150 слот
- 21 км (жартылай марафон) - 300 слот

6.2. Жарысқа қатысу жарнасы:

21 км

9 000 теңге

10 км және скандинавиялық жүру 10 км

8 000 теңге

5 км және скандинавиялық жүру 5 км

6 000 теңге

2 км

3 000 теңге
Студенттерге 50% жеңілдік беріледі.
Жеңілдік алу үшін тіркеу кезінде «студент» мәртебесін көрсету керек, ал бастапқы жиынтықты алған кезде студент билетін, соның ішінде электронды форматтағы билетті көрсетуі тиіс.

Жиналған қаражаттың барлығы қайырымдылық мақсаттарға жұмсалады. Жарысқа қатысу жарнасын төлеген қатысушы тіркеуден өтті деп есептеледі.
Қашықтықты ауыстыру, слотты басқа адамға көшіру қарастырылмаған. Жүгіруге қатысу үшін салынған қаражат қайтарылмайды.

7. ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖИЫНТЫҚ


7.1. Ұйымдастырушылар төмендегілерді қамтамасыз етеді:
- жарыс жолын және қажетті белгілерді әзірлеу
- жарыс жолындағы бақылау және тамақтану орындарының жұмысы
- қауіпсіздік: жедел әрекет ететін қызметтердің кезекшілігі
- электрондық хронометраж жүйесі
- қатысушылардың бақылау нүктелерін өтуінің видеосы (әрбір қатысушының видеосына кепілдік берілмейді)
- фото түсірушілер командасының жұмысы және фото суреттерді іздеу сервисі (әрбір қатысушының фото суретіне кепілдік берілмейді)
7.2. Қатысушылар төмендегілерді алады:
- чип бекітілген жарысқа қатысу нөмірі, нөмірді бекітуге арналған түйрегіштер жиынтығы
- мәреге жеткеннің медалі (қашықтықты өткендерге беріледі)
- мәреге жеткеннің электрондық сертификаты (мәре хаттамасынан көшіріп алуға болады)
- бренд жейде
- марапат атрибуты (жеңімпаздар)

8. ҚАТЫСУШЫЛАР МЕН КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


8.1. Жүгіруге тіркеле отырып, қатысушылар өзінің денсаулығына қатысты, жарысқа қатысуда болуы мүмкін барлық тәуекелдер үшін жауапкершілікті өз мойындарына алады және тікелей жарыс барысында физикалық немесе материалдық залалдар келген жағдайларда ұйымдастырушыларды кез келген материалдық, азаматтық және қылмыстық жауапкершіліктен босатады.
8.2. Қатысушылар сөреге шыққан кездегі өз денсаулығының жағдайы, өзінің физикалық мүмкіндіктері мен өзінің техникалық біліктіліктері туралы хабардар екендігіне кепілдік береді.
8.3. Әрбір қатысушы жарысқа қатысуға арналған жиынтықты алар кезде ұйымдастырушыларды жауапкершіліктен босататыны және жеке суретін қолдануға рұқсат беретіні туралы қолхатқа қол қояды.
8.4. Қатысушылар ауа-райы мен климат жағдайларына қарай киінулері тиіс.
8.5. Жүгіруге тіркеле отырып, кәмелетке толмаған қатысушылардың ата-аналары балаларының денсаулығына қатысты, жарысқа қатысуда болуы мүмкін барлық тәуекелдер үшін жауапкершілікті өз мойындарына алады және тікелей жарыс барысында балаларға физикалық немесе материалдық залалдар келген жағдайларда ұйымдастырушыларды кез келген материалдық, азаматтық және қылмыстық жауапкершіліктен босатады.
8.6. Кәмелетке толмаған қатысушылардың ата-аналары жарысқа қатысқан кездегі өз балаларының денсаулықтарының жағдайы, олардың физикалық мүмкіндіктері мен техникалық біліктіліктері туралы хабардар екендігіне кепілдік береді.
8.7. Кәмелетке толмаған қатысушылардың ата-аналары жарысқа қатысуға арналған жиынтықты алар кезде ұйымдастырушыларды жауапкершіліктен босататыны және жеке қатысушының суретін қолдануға рұқсат беретіні туралы қолхатқа қол қояды.
8.8. Барлық қатысушыларға медициналық қаралудан өту және болжанбаған жағдайлардан сақтандыру жасау ұсынылады.
8.9. «Скандинавиялық жүру» жолына скандинавиялық таяқтары бар қатысушылар ғана жіберіледі.
Скандинавиялық таяқтары болмаған жағдайда, жүру жолына тіркелуді, алайда бүкіл қашықтықты жаяу жүріспен өтіп шығуды ұсынамыз.

9. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ


9.1. Қашықтықты бағындырған және бақылау уақытында үлгірген әрбір қатысушы мәреге жетушінің медалін алады.

9.2. Абсолюттік сынақ бойынша жеңімпаздар (алғашқы 3 орын) ерлер мен әйелдер жеке-жеке қашықтықты өткен уақыттарына қарай анықталады және жеңімпаздарға арналған медальдармен марапатталады.

9.3. Қатысушының жасы жарыс сөресіне шыққан күнгі туған күні бойынша анықталады;

9.4. Жас шамасының категориялары бойынша жеңімпаздар марапат қағаздарын алады;

9.5. «Скандинавиялық жүру» қашықтығына шыққан қатысушыларды марапаттау қарастырылмаған.

9.6. Қорытынды хаттама 2023 жылдың 11 қыркүйегінен кешікпей, www.nurbankmusicrun.kz сайтында жарияланады.

9.7. Жарысты ұйымдастырушылар келесі жағдайларда қатысушылардың жеке нәтижелеріне кепілдік бермейді:
- хронометраждың электрондық чибі бүлінген;
- жарысқа қатысушының нөмірі көрінбей қалған (сырт киімнің астында немесе арқаға орналасқан)
- жарысқа қатысушының нөмірі жоғалған
- қатысушыға дисквалификация жасалған
- қатысушы өз уақытынан басқа кезде жарыс жолына шыққан.

9.8. Нәтижелерді шығарғанда қолданылатын терминология:
DNS – Did not start (қатысушы жарыс жолына шықпаған)
DNF – Did not finish (қатысушы мәреге жетпеген)
DSQ – Disqualified (қатысушыға дисквалификация жасалған)
Мәре уақыты – жарыс басталған сәттен бастап қатысушының мәре сызығын кесіп өткенге дейінгі уақыт.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жүгірудің жеңімпаздары мен жүлдегерлері мәреге жеткен уақытқа сәйкес анықталады (chip time бойынша емес).

10. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ДИСКВАЛИФИКАЦИЯ ЖАСАУ


10.1. Қатысушы келесі жағдайларда дисквалификация жасалуы мүмкін:
- қатысушы жарыс жолына нөмірсіз шыққанда
- қатысушы механикалық қозғалу құралдарын пайдаланғанда
- қатысушы жарыстың ресми түрде басталғаны жарияланғанға дейін немесе мәре жабылғаннан кейін жарыс жолына шығып кеткенде
- қатысушы басқа адамның атына немесе қашықтыққа тіркелген нөмірмен жарыс жолын шыққанда
- қатысушыны жарыс кезінде қатысушы емес басқа тұлға немесе механикалық қозғалыс құралымен сүйемелдегенде
- 3-ші тұлғалардың тарабынан заңсыз түрде тамақ, сусын, қосалқы киім, қозғалуына көмек берілгенде және рұқсат етілмеген учаскелерде сүйемелдегенде (жарыстың ресми еріктілері мен ұйымдастырушылар 3-тұлғаларға жатпайды)
- жарыс дәрігері қатысушыны денсаулығына байланысты жарыс жолынан алу туралы шешім қабылдағанда (жарыс жолының кез келген нүктесінде)
- жарыс жолының кез келген нүктесінде қатысушыда есептегіш чип болмаған кезде
- қатысушы жарыс кезінде спортшыға тән емес іс-қимылдаржасаған кезде (төбелес, қауіпті жағдайлар туындату, қорлау, дөрекілік т.б.)
- қатысушы бақылау уақыты аяқталғаннан кейін мәреге жеткенде
- қатысушы «Скандинавиялық жүруге» скандинавиялық таяқсыз қатысқанда

- «Скандинавиялық жүру» жолында жай жүрістен жүгіруге ауысқанда

11. ҚАРСЫЛЫҚТАР МЕН КІНӘРАТТАР


11.1 Абсолюттік сынақ пен жас категорияларында жеңімпаздарды анықтау нәтижелеріне қатысты қарсылықтар мен кінәраттар ресми марапаттауға дейін қабылданады. Марапаттау рәсімі аяқталғаннан кейін нәтижелер қайта қаралмайды.
11.2. Қатысушылардың жүгіру нәтижесі бойынша жасаған қарсылықтары мен кінәраттарын іс-шара ресми түрде жабылғаннан кейінгі 48 сағат ішінде help@athletex.kz поштасында Ұйымдастыру комитеті қарайды.

Кінәраттар қойған кезде келесі мәліметтерді көрсету қажет:
- аты-жөні (анонимдік арыздар қаралмайды);
- кінәраттың мәні
- кінәраттың негіздемесі (фото, видео сурет, жазба, спорт-трекер ж.б. секілді нақты дәлелдер болғанда ғана қарастырылады)

Қатысушы тарабынан қойылған кінәраттар ғана қаралады.

12. ЖАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ӨТКІЗУ ШЫҒЫНДАРЫ

12.1. Жарысты ұйымдастыру мен өткізуге жұмсалатын шығындарды «Нұрбанк» АҚ көтереді.
12.2. Жарысқа қатысушылардың жол, қону және тамақтану шығындарын қатысушыны іссапарға жіберген тарап немесе қатысушылардың өздері көтереді.

13. БАЙЛАНЫС ҮШІН


Ұйымдастырушының байланыс e-mail: help@athletex.kz

Тіркеу және нәтижелерге қатысты мәселелер бойынша:
Тел.: дүйсенбі-жұма 10:00-19:00, сенбі 11:00-15:00
(ENG/RU) +7 705 602 42 49
(KAZ/RU) +7 776 737 36 67


Кез келген мәселе бойынша help@athletex.kz пошта немесе +7 705 602 42 49, +7 776 737 36 67 телефондары арқылы байланысқа шығыңыз