«Charity Music Run 2022» қайырымдылық музыкалық

жүгіру шарасын өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

1. ЖАРЫСТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ


1.1. «Charity Music Run 2022» өткізудің мақсаты:
а) бұқаралық спорт түрлерін дамыту және соған шақыру
б) салауатты өмір салтына үгіттеу
в) қатысушылардың спорттық шеберліктерін арттыру
г) дені сау ұлтты қалыптастыру
д) қайырымдылық және онкологиялық ауыруға шалдыққан балалардың мәселесіне көңіл аудару
е) республика деңгейіндегі қайрымдылық жобаларына қолдау көрсету
ж) зиянды (темекі шегу) әдеттерден бас тарту

2. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР



2.1. «Charity Music Run 2022» (бұдан былай Жүгіру) жалпы басқару ісін «Нұрбанк» АҚ атқарады.

2.2. Жарыстың дайындық жұмысын жүргізу мен оны өткізу, соның ішінде әділ – қазылық. хронометраж бен нәтижелер «Экстремальная Атлетика» ҚҰ-ға жүктеледі




3. ӨТКІЗІЛЕТІН УАҚЫТЫ МЕН ОРЫН



3.1. Жүгіру өткізілетін күн, орны мен уақыты - 2022 жылдың 23 қазаны (жексенбі) Тұңғыш Президент саябағының аумағында және Үлкен Алматы өзенінің жағалауында, сағат 06:30-ден 12:00-ге дейін.
3.2. Бастапқы қалашықтың орны – саябақтың негізгі есігі. Старт геобелгісі



4. ЖАРЫС БАҒДАРЛАМАСЫ



4.1. Жарыстың сөрелік жиынтығы 21 және 22 қазан (жұма, сенбі ) күндері, сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін келесі мекенжайда беріледі: Алматы қаласы, Назарбаев даңғ., 223 Алматы ССО. Геобелгі.
Сөрелік жиынтық басқа күндері берілмейді!

4.2. Сөрелік жиынтық алу үшін келесі құжаттар талап етіледі:
  • 18 + жастағы қатысушылардан:
- жеке куәлігінің көшірмесі
- өз денсаулығына жауапты екені туралы қолхат
  • Кәмелетке толмағандардан:
- жеке куәлігінің көшірмесі (туу туралы куәлігінің көшірмесі)
- ата-анасының екеуінен де алынған жарысқа қатысуға рұқсат бергені туралы қолхат (кәмелеттік жасқа толмаған қатысушының ата-анасы толтырады)
- қолхатқа тікелей қолдарын қойған ата-анасының жеке куәліктерінің көшірмесі талап етіледі.
o Келесі құжаттарды көрсеткен адам қатысушы атынан сөрелік жиынтықты ала алады:
- қатысушының жеке куәлігінің көшірмесін (туу туралы куәлігінің көшірмесін)
- алушының жеке куәлігінің көшірмесін
- қатысушының өз қолы қойылған денсаулық туралы қолхаты

4.3. Денсаулық туралы қолхатты мына сілтемеден алуға болады.

4.4. Жүгіру жоспары, 2022 жылдың 23 қазаны (жексенбі):
06:00 қатысушылардың жиналуы
06:30 брифинг және қыздыру
07:00 21 км қашықтықтың басталуы. Бақылау уақыты – 3 сағат
07:15 10,5 км қашықтықтың басталуы. Бақылау уақыты – 2 сағат
07:30 скандинавиялық жаяу жүру қашықтығы 10,5 км. Бақылау уақыты – 2,5 сағат
09:30 10,5 км қашықтыққа жүгіру жеңімпаздарын марапаттау
10:00 21 шақырымдық қашықтық жеңімпаздарын марапаттау
11:00 2 км қашықтықтың басталуы (балалар жарысы). Бақылау уақыты – 20 минут
12:00 2 км қашықтыққа жүгіру жеңімпаздарын марапаттау
12:15 мәре аймағының жабылуы





5. ҚАШЫҚТЫҚТАР, ЖАС ДЕҢГЕЙЛЕРІ, БАҚЫЛАУ УАҚЫТЫ



5.1. Жүгіру бағдарламасына төмендегілер енгізілді:
- 7 жастан 14-ке дейінгі қатысушыларға 2 км
- 15 жастан асқан қатысушыларға 10,5 км
- 15 жастан асқан қатысушылар үшін скандинав жүрісі 10,5 км (скандинав таяқтарының болуы міндетті)
- 18-ден асқан қатысушыларға 21 км


5.2. Жас категориялары:

-2 км:
7-9
10-12
13-14

-10,5 км:
15-34
35-49
50+

-21 км:
18-34
35-49
50+

5.3. Қашықтықты өтуге бөлінетін уақытты бақылау:
2 км – 20 минут
10,5 км – 2 сағат
10,5 км скандинав жүрісі – 2,5 сағат
21 км – 3 сағат

5.4. Тамақтану орындары әр 5 км сайын орналасады. Сақтау камерасы сөрелік қалашық аймағында болады.


6. ТІРКЕУ, СӨРЕЛІК ЖАРНА, ҚАТЫСУШЫЛАР ЛИМИТІ



6.1. Жарысқа қатысушыларды тіркеу www.nurbankmusicrun.kz сайтында 2022 жылдың 18 қазаны сағат 12:00-ге дейін немесе қатысушыларды төмендегідей лимиті жинақталғанға дейін жүргізіледі.

Қатысушылардың лимиті:
барлық қашықтықты қосқанда 1 700 адам:
- 2 км - 200 слот
- 10,5 км – 800 слот
- 10,5 км (скандинав жүрісі) - 200 слот
- 21 км (жартылай марафон) -500 слот

6.2. Сөрелік жарна:

2 км

10,5 км скандинав жүрісі

10 км жүгіру

21 км

3 000 теңге

8 000 теңге

8 000 теңге

8 000 теңге


Жиналған қаражаттың барлығы қайырымдылық мақсаттарға жұмсалады.
Сөрелік жарнаны төлеген қатысушы тіркелген деп есептеледі.
Қашықтықтарды ауыстыру, слотты басқа кісіге көшіру ҚАРАСТЫРЫЛМАҒАН.
Жарысқа қатысу мақсатында төленген қаражаттар қайтарылмайды.

7. СӨРЕЛІК ЖИЫНТЫҚ


7.1. Ұйымдастырушылар қамтамасыз етеді:
- трассаны әзірлеуді және қажетті белгілер орнатуды
- жүгіру жолдарының бойындағы бақылау орындары мен тамақтандыру орындарының жұмысын
- қауіпсіздікті: жедел әрекет ететін қызметтердің кезекшілігі
- электронды хронометраждың жүйесін
- қатысушының бақылау нүктелерін өткен кездегі видео (әрбір қатысушының видеосына кепілдік берілмейді)
- фотографтар мен фото суреттерді іздестіру сервисі командасының жұмысын (әрбір қатысушының фото суретіне кепілдік берілмейді)

7.2. Қатысушылар алады:
- мәреге жетушінің (қашықтықты жақсы көрсеткішпен өтіп шыққан) медальі
- мәреге жетушінің электронды сертификаты (мәрелік хаттамадан көшіріп алуға болады)
- чип салынған сөрелік нөмір, нөмірді бекітуге арналған түйрегіштер жиынтығы
- брендтік жейде
- марапаттық керек-жарақтар (жүлделер)


8. ҚАТЫСУШЫЛАР МЕН КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


8.1. Қатысушылар Жүгіруге қатысатынын тіркеу арқылы өз денсаулықтары мен жарысқа қатысудан туындауы мүмкін барлық тәуекелдер үшін жауапкершілікті өз мойнына алады және тікелей жарысқа қатысу барысында бастарына физикалық немесе материалдық залал келген жағдайда, ұйымдастырушыларды қандай да бір материалдық, азаматтық немесе қылмыстық жауапкершіліктен босатады.
8.2. Қатысушылар сөреге шыққан кездегі өз денсаулығы жайлы және өзінің физикалық шамасы мен өзінің техникалық біліктілік деңгейі туралы білетініне кепілдік береді.
8.3. Әрбір қатысушы сөрелік жиынтық алмас бұрын жарысты ұйымдастырушылардан жауапкершіліктің алынатыны және жеке суретін қолдануға рұқсат беретіні туралы қолхатқа қолын қояды.
8.4. Қатысушы ауа – райына сәйкес киінуі тиіс.
8.5. Кәмелетке толмаған қатысушының ата-анасы Жүгіруге қатысатынын тіркеу арқылы баласының денсаулығы мен жарысқа қатысудан туындауы мүмкін барлық тәуекелдер үшін жауапкершілікті өз мойындарына алады және тікелей жарысқа қатысу барысында балаларының бастарына физикалық немесе материалдық залал келген жағдайда, ұйымдастырушыларды қандай да бір материалдық, азаматтық немесе қылмыстық жауапкершіліктен босатады.
8.6. Кәмелетке толмаған қатысушының ата-анасы сөреге шыққан кездегі өз балаларының денсаулықтары жайлы және олардың физикалық шамасы мен техникалық біліктілік деңгейлері туралы білетініне кепілдік береді.
8.7. Кәмелетке толмаған қатысушының ата-анасы сөрелік жиынтық алмас бұрын жарысты ұйымдастырушылардан жауапкершіліктің алынатыны және жеке суретін қолдануға рұқсат беретіні туралы қолхатқа қолын қояды.
8.8. Барлық қатысушылардың медициналық зерттеуден өтулеріне және оқыс оқиғаларға қатысты сақтандыру жасатуларына ұсыныс беріледі.
8.9. «Скандинавиялық жүріс» қашықтығы бойынша сөреге скандинавиялық таяқтары бар қатысушылар ғана жіберіледі.

9. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ


9.1. Қашықтықты жүгіріп өткен және бақылау уақытына үлгерген әрбір қатысушы мәре медальін алады.

9.2. Әрбір қашықтықтағы абсолюттік сынаманың (алғашқы 3 орын) жеңімпаздары ерлер мен әйелдер үшін жеке-жеке қашықтықты жүгіріп өткен үздік уақытына қарай анықталады және олар жеңімпаздардың медальдерімен марапатталады.

9.3.Қатысушының жасы жарыстың басталатын күнгі туған күндер бойынша анықталады;

9.4. Жас категориялары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапат қағазын алады.
«Скандинав жүрісі» бойынша қатысушыларды марапаттау қарастырылмаған.

9.5. Қорытынды хаттама 2022 жылдың 24 қазанынан кешіктірмей, www.nurbankmusicrun.kz сайтында жарияланады.

9.6. Төмендегі жағдайлар орын алғанда, қатысушының жеке нәтижесіне ұйымдастырушы кепілдік бермейді:
- хронометраждың электронды чибі бүлінген
- сөрелік нөмір көрінбейді (күртешенің астына немесе арқасына орналасқан)
- сөрелік нөмір жоғалған
- қатысушыға дисквалификация жасалған

10. ЖҮГІРУДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ



10.01.Қатысушының жасы жарыстың басталатын күнгі туған күндер бойынша анықталады.
10.02. Қорытынды хаттама 2022 жылдың 25 қазанынан кешіктірілмей www.nurbankmusicrun.kz сайтында жарияланады;
10.3. Жарысқа қатысушының нәтижесі сөрелік нөмір дұрыс орналастырылған жағдайда ғана тіркеледі. Сөрелік нөмір анық көрініп тұруы тиіс, сөрелік нөмір жарысқа қатысушысының кеудесіне бекітілуі қажет.
Төмендегі жағдайлар орын алғанда, қатысушының жеке нәтижесіне жарысты ұйымдастырушы кепілдік бермейді:
а) чип дұрыс бекітілмеген;
б) қатысушы басқаның чибімен жүгірген;
в) чиптің магниттік күші жойылған;
г) Төрешілер алқасының шешімімен дисквалификация жасалған.
Бір және одан да көп чек – поинттар болмаған қатысушыны жарыстан шеттету туралы соңғы шешімді қабылдау құқығын ұйымдастыру комитеті өзіне қалдырады.
10.4. Нәтижелерді енгізуде қолданылатын терминология:
DNS – Did not start (қатысушы сөреден қозғалмады);
DNF – Did not finish (қатысушы мәреге жетпеді);
DSQ – Disqualified (қатысушыға дисквалификация жасалды);

Мәрелік уақыт – сөре белгісі берілгеннен бастап қатысушылар мәре сызығын кесіп өткенге дейінгі уақыт кезеңі.
10 .5. МАҢЫЗДЫ! Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысушының мәре сызығын қиып өткен уақытымен (chip time бойынша емес) анықталады.


11. ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ДИСКВАЛИФИКАЦИЯЛАУ



11.1. Келесі жағдайларда қатысушыға дисквалификация жасалуы мүмкін:
- егер қатысушы сөреге сөрелік нөмірсіз шықса;
- егер қатысушы механикалық қозғалу құралдарын пайдаланса;
- егер қатысушы ресми сөреге дейін немесе сөре жабылғаннан кейін жүгіруді бастаса;
- егер қатысушы мәреге басқа кісіге тіркелген нөмірмен немесе басқа қашықтыққа шықса;
- егер қатысушыны жүгіру барысында жарысқа қатысушы болып табылмайтын жүгіруші немесе механикалық қозғалыс құралындағы тұлға сүйемелдесе;
- 3-ші тұлғалардың тағам, сусын, ауыстыратын киім, қозғалыс кезінде көмек түрінде заңсыз түрде жәрдемдескен және рұқсат етілмеген аймақта сүйемелдеген кезде (жарыстың ресми еріктілері мен ұйымдастырушылары 3-ші тұлғалардың қатарына жатпайды);
- егер қатысушыда қашықтықтағы кез келген аралық нүктелерде чип оқылмай қалса;
- егер жарыстың дәрігері қатысушыны денсаулығына байланысты жарыс жолынан (қашықтықтың кез келген нүктесінде) алу туралы шешім қабылдаса;
- егер қатысушы жарыс кезінде спорттық емес (төбелес, қауіпті жағдай туғызу, жәбірлеу, дөрекілік көрсету ж.б.) мінез көрсетсе;
- бақылау уақытынан кейін мәреге жеткен;
- «Скандинавиялық жүріс» қашықтығы бойынша скандинавиялық таяқтарсыз қатысқан;
- «Скандинавиялық жүріс» қашықтығы бойынша қадамнан жүгіріске ауысып кеткен.

12. НАРАЗЫЛЫҚТАР МЕН КІНӘРАТТАР


12.1. Қатысушылардың наразылықтары мен кінәраттарын Ұйымдастыру комитеті help@athletex.kz поштасына жазбаша түрде алғаннан кейін үш күн ішінде қарастырады.

Наразылық берген кезде төмендегі мәліметтерді көрсету қажет:
• аты-жөні (анонимдік арыздар қаралмайды);
• кінәраттың мазмұны;
• шағымның негіздемесі (нақты дәлелдер ғана қарастыруға қабылданады: фото сурет, видео, спорт-треккер жазбалары ж.б.).


Кінәраттар қатысушылардан ғана қабылданады.



13. Жүгіруді ұйымдастыру және өткізу бойынша шығындар


13.1. Жарысты ұйымдастыру және өткізу бойынша шығындарды "Нұрбанк" АҚ өтейді.
13.2. Жарысқа келуге, орналасуға және тамақтануға байланысты шығындарды қатысушыларын жіберетін ұйымның өздері немесе жарысқа қатысушылардың өздері өтейді.

14. БАЙЛАНЫС КӨЗДЕРІ




Ұйымдастырушылардың байланыс e-mail: help@athletex.kz
Тіркеу мен нәтижелерге қатысты мәселелер бойынша:
Teл. Дс - Жм. 10:00-19:00, Сенбі 11:00-15:00
(RU) +7 705 602 42 49
(KAZ/RU) +7 776 737 3667